Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде туған америкалық бойжеткен туыстарын іздейді

2020 жылдың 17 қазан 2020 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстаннан асырап алынған АҚШ тұрғыны Яна Герати биологиялық әке-шешесін іздеуде. Бұл жайында Яна Facebook-тегі Қазақстан-Америка қауымдастығы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атым - Яна. Биологиялық әке-шешемді, отбасымның мүшелерін тапқым келеді. Бұл топ (Kazakh American Association) биологиялық ата-анамды табуға көмектеседі деп естіген едім. Мені Қазақстаннан асырап алған. 1992 жылдың мамырында Ақтөбеде дүниеге келгенмін. Мені 2001 жылы 10 жасымда америкалық ата-ана бауырына басты. Туған отбасымды табуға біреулер қолұшын беріп жатса, риза болар едім. Кез келген көмек - мен үшін өте маңызды», - деп жазды ол.

Янаның атап өтуінше, қолында құжаттары бар. Алайда қандай да бір ұйымға хабарласуға қорқады. Себебі бұған дейін оны бір мәрте алдап кеткен.

Ал АҚШ-тағы асырап алған ата-анасы Янадан жасөспірім кезінде бас тартқан. Сондықтан олардан қандай да бір ақпарат алу қиын.

«Мені асырап алғанға дейінгі Қазақстандағы аты-жөнім - Гранчевич (Granchevitch) Яна Манольевна. Анамның аты - Гранчевич Марина Павловна (1964 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген), әкемнің аты - Гранчевич Маноль Томович», - дейді Яна.

Яна Гератидің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Фредериксбургте (Вирджиния) тұратыны және АҚШ армиясында қызмет ететіндігі көрсетілген.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Америка,
Жоғары қарай