Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде туристерге арналған орталық ашылды

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 02:39

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе әуежайында туристерге арналған орталық ашылды. Мұнда сырттан келгендерге өңірдің тарихи-мәдени орындары таныстырылып, турмаршруттар ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда​ «Visit Aktobe» орталығы ашылды. Жобаның басты мақсаты —​ ішкі туризмді дамыту.

«Орталықта өңірдің туристік нысандарына​ қатысты кеңес беру қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар жергілікті өндірушілер мен​ ​ қолөнер шеберлерінің бренд өнімдері тұратын бұрыш​ орналасқан»,- дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.




Жалпы өңірде 18 туристік маршрут бар. Туристер үшін 100-ге жуық қонақүй қызмет көрсете алады. Нұрхан Тілеумұратовтың айтуынша, 80-нен аса мәдени ескерткіші бар өңірге сұраныс жоғары болуы мүмкін.

«Биыл өңірге 100 мыңға жуық адам келген. Өткен жылда пандемия кедергі келтірсе, қазір қайта жандану байқалады. Жыл сайын қонақүй ашылып жатыр. Бұл сұраныстың әлі де жоғары екенін білдіреді. Ақтөбе облысы үшін ең үздік орын Ақтолағай борлы тауы болады деп ойлап отырмыз. Бұл жерге сұраныс жоғары», - деді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.




Сонымен бірге табиғат аясында түрлі туристік сапар ұйымдастыру жоспарға енгізілген.

«Димаш Құдайберген қатысатын​​ «Бақытты бала»​ халықаралық​ фестивалі, сондай-ақ халықаралық көшпенділер фестивалі туристерді қызықтырады. Біздің өңірге келетін қонақтарға осындай шаралар туралы хабарды алдын ала беру керек»,- деп атап өтті облыс әкімі Оңдасын Оразалин​.











Жоғары қарай