Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Ақтөбеде ұлан сарбаздары жоғалған бүлдіршінді тауып, анасына қайтарды

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 23:43

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ұлан сарбаздары жоғалған баланы тауып, анасына қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 қаңтар күні кешкі сағат 17.30 шамасында кіші сержант З. Балтабаев бастаған, құрамында қатардағы Н. Әуезов пен А. Үсентай бар әскери жасақ Ақтөбе қаласындағы Абай мен Есет батыр көшелерінің қилысында қызметке кіріседі.

«Олар «Сафари» кафесінің қасынан өтіп бара жатып 5-7 шамасындағы баланы байқайды. Өзін Диас деп таныстырған балақай белгісіз жаққа бара жатыр екен. Оны тоқтатқан әскери жасақ бастығы «ата-анаң қайда?» деп сұрайды. Кішкентай бала өзінің адасып кеткенін айтады. Сол сәтте полицияға телефон соғылып, бала полиция жасағына тапсырылды» делінген хабарламада.

Кейіннен аулаларды тексеру кезінде жоғалған баланың анасы да табылды. Ұландықтар полиция жасағына хабарласып, баланы анасына қайтарды.


Басты сөздер: Оқиға, Ақтөбе облысы,
Жоғары қарай