Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде үш көлік соқтысығып, бір адам ауруханаға түсті

2021 жылдың 15 қараша 2021 21:41

АҚТӨБE. ҚазАқпарат - Ақтөбеде үш автокөлік соқтығысып, салдарынан 1 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Toyota Land Cruiser Prado 120» маркалы автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі Ақтөбе-Астрахан автожолының 41-шақырымында «Toyota Land Cruiser Prado 150» маркалы автокөлікпен соқтығысты. Бірінші көліктің рулінде әйел болған. Ол Ақтөбеден Алға қаласы бағытында келе жатып, жол-метеорологиялық жағдайды ескермеген.

«Кейін «Toyota Land Cruiser Prado 150» автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, «Geely» көлігін соққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Geely» автокөлігінің 35 жастағы жолаушысы Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сондай-ақ өңірде бір апта ішінде 22 мас жүргізуші анықталды. Облыстық ПД ЖПҚБ аға инспекторы Асылхан Бекбосыновтың айтуынша, жеті күнде жолда 4 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Жылдамдықты сақтамаған 385 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 185 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды.


Жоғары қарай