Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Ақтөбеде үш жасар сәби балабақша терезесінен құлап кетті

2019 жылдың 25 шілде 2019 18:14

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі «Нұр Зерек» балабақшасында оқыс оқиға тіркелді. Терезеден құлаған бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Зерек» балабақшасы бұл оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Меңгеруші комиссия тексеріп жатқанын хабарлады. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы тұрақты деп отыр.

«Баланың жарақатына байланысты оны керіп қойдық. Жағдайы тұрақты», - деп хабарлады дәрігерлер.

Жоғары қарай