Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде волонтерлердің облыстық фронт кеңсесі ашылды

2021 жылдың 3 шілде 2021 19:56

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Birgemiz» фронт кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік тәжірибелі еріктілер, жастар енді бір ортаға жиналып, бір-бірімен ақылдаса алады.

Елорда күніне орай фронт-кеңсе ашылып, алдағы жұмыстар мен волонтерлік қызметтің салалық бағыттары таныстырылды.

Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысының орынбасары Жақсат Төлегенов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқарма басшысының міндетін атқарушы Елеусіз Нұрғалиев және облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлнар Кабиева қатысып, жастардың бастамасына сәттілік тіледі.




Сонымен қатар, облыстың белсенді жас волонтерлері жастардың бастамаларын қолдау үшін жүргізіліп жатқан жобалар үшін басшылыққа алғысын білдіріп, маусым айының үздік волонтерлары алғыс хатпен марапатталды.

«Республикалық фронт-кеңсенің бірі бізде де ашылды. Алдағы уақытта әдістемелік қолдау көрсетіп, волотерлік бағытта дамытуды жоспарлап отырмыз. Барлығы жеті бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Олар: таза әлем, білім, үміт, асыл мұра, саулық, қамқор және сабақтастық. Облыстағы волонтерлік қозғалысты жүйелеп, үлкен шараларды ұйымдастыруға атсалысады»,- деді «Birgemiz» фронт кеңсесінің үйлестірушісі Нарқозы Қартжан.

Шара соңы мерекелік кешке жалғасты. Волонтерлар фронт-кеңсенің жұмысымен танысты.















Жоғары қарай