Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде заңсыз айналымнан 20 қару тәркіленді

2020 жылдың 17 қазан 2020 22:35

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Қару» жедел-алдын алу шарасы кезінде 20 қару заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс аумағында 1-15 қазан аралығында «Қару» жедел алдын-алу шарасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты - азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау. Барлығы 8 370 қару иесі тексерілді. Қаруды заңсыз сақтағаны, қаруды сақтау және алып жүру ережесін бұзғаны үшін 243 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

«Заңсыз айналымнан 20 қару тәркіленді. Мысалы Кеңес Нокин ауылындағы 44 жастағы тұрғынының қорасынан 16 калибрлі қос ауыз аңшы мылтығы табылды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігімен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Жайсаң шекара бекетінде автокөлікті тексеру барысында 2 электрошокер табылды. Барлығы 50 дана суық қару тәркіленді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай