Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Ақтөбеде зейнеткерді құтқарам деп күйіп қалған жас жігіт елордаға жеткізілді

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 22:40

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде зейнеткерді құтқарам деп өзі төсекке таңылған 25 жастағы жігіт ем алуға жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Артем Головня зейнеткерді құтқарған кезде от ортасында қалып, күйік шалды. Бүгін ол Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазавиақұтқару» ұшағының көмегімен Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді.

«Полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы және еріктілер оны елордалық клиникаға жіберу бойынша барлық қажетті шараларды қолға алды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жазында Артем 82 жастағы көршісін өрттен аман алып шықты. Дегенмен, денесінің 60 пайыздан астамын жалын шарпыған. Дәрігерлер жігітті бір өлімнен аман алып қалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Артем сегіз ай ауруханада емделді. Жарасы жазылмай, жас жігіт кешенді отаны күтті. Әуежайға аттанар алдында Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов Артеммен кездесіп, тез арада сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ, ол Артемнің анасына материалдық көмек көрсетіп, баласын оңалту кезінде жәрдем беруге уәде етті.

Тасымалдау кезінде науқас Ұлттық үйлестіру орталығы мобильді бригадасының бақылауында болды. Қазіргі кезде оның жағдайы тұрақты ауыр. Нұр - Сұлтан қаласына жеткізілген соң Травматология және ортопедия ғылыми-зертеу институтына түсті. Оған жоғары технологиялық медициналық ем көрсетіледі.
Жоғары қарай