Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде жараланған екі полиция қызметкері ауруханада ем қабылдап жатыр

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 16:50

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында жаппай тәртіпсіздік кезінде 14 полиция қызметкері зардап шекті. Оның екеуі ауруханада, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбеде әкімшілік ғимаратының алдында 14 полиция қызметкері дене жарақатын алды. Екі қызметкер ауруханада ем алып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Науқастар жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Ақтөбе қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Жасұлан Жексембаевтың аяғы жараланған.

«Әкімдік алдына келген адамдар өздерінің наразылығын білдіріп, әкімдік ғимаратына кіре бастады. Аяғыма не жарылғанын білмеймін. Құлап бара жатқаным ғана есімде. Әрі қарай ауруханада өз-өзіме келдім. Қазір жағдайым жақсы. Бұл - біздің қызмет. Жазылған соң қайта қатарға қосыламыз», - деді Жасұлан Жексембаев.


Жоғары қарай