Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімін ана-аналары онлайн бақылады

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 01:00

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс» Ұлттық гвардияның 66/55 әскери бөлімінде жас сарбаздар ант қабылдады. Түркістан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының 300 сарбазы салтанатта шараға қатысты. Шара кезінде санитарлық талап сақталды. Олардың ата-аналары мен туыстары қатыстырылмады. Тек әскери бөлімдегі ант қабылдау рәсімін тікелей эфир арқылы қарауға мүмкіндік жасалды. Жас сарбаздар Отан алдындағы борышын адал атқаруға уәде етті. 66/55 әскери бөлімінің командирі Мирас Турдалин антқа адал болып, ел тыныштығы мен тұрақтылығы жолында борышын мүлтіксіз атқаруға шақырды.
«Біз үшін ант қабылдау рәсімінің маңызы зор. Ел қорғаны болар замандастарыма қажыр мен қайрат тілеймін. Әрқайсысы ел болашағы үшін антына адал болады деп есептеймін»,- деді Орал қаласынан келген жас сарбаз Эльдар Бекболатов.
Ант қабылдау рәсімінен соң жас сарбаздар ана-аналарымен онлайн байланысқа шықты.

Жоғары қарай