Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

2021 жылдың 4 тамыз 2021 16:35

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Ембі қалалық ауруханасына 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен түсті. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында жасөспірімдер төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған.

«Ембі қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне белгісіз адамдар 2005 жылы туған жасөспірімді пышақ жарақатымен жеткізді. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Кәмелетке толмаған екі баланың арасында дау-дамай туындап, соның салдарынан бірінің екіншісіне пышақ жарақатын салғаны белгілі болды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция мен білім беру органдары мән-жайды анықтау мақсатында тексеріс жүргізеді.

«Кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға болады. Тек алдын алу жұмыстарына отбасы мен жақын адамдары тартылуы керек», - дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Жоғары қарай