Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

2019 жылдың 20 қараша 2019 01:00

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп оқушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен кездесті. Жиын №2 мектепте өтті.

«Кездесуде жасөспірімдер қылмысы мен жол-көлік оқиғасындағы жарақат жайы айтылды. Мәселен, 16 қараша күні сағат 21:30-да Қандыағаш қаласының Жастық шағын ауданында жеке басы анықталмаған жасөспірімдер арасында төбелес болған. Соның салдарынан 10 сынып оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Кездесуде полиция қызметкерлері қылмыстың жазасы туралы айтып берді», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 10 қараша күні Ақтөбе қаласында төбелес болып, 10 сынып оқушысы көз жұмды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Жоғары қарай