Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жазғы лагерь тәрбиешісінің үстінен тергеу басталды

2019 жылдың 30 шілде 2019 18:39

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ата-аналардың арызы бойынша «Ақбөбек Восток» лагеріндегі жас тәлімгердің үстінен тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақбөбек Восток» лагеріндегі тәлімгердің қысым көрсеткенін айтқан жеті бала үйлеріне кетіп қалған. Кейін оның үшеуі лагерьге демалуға қайта барған.

«Облыстық білім басқармасы мониторинг жүргізу үшін комиссия құрды. Комиссия құрамында ардагер педагог, басқарма қызметкерлері бар. Ата-аналардың арызы бойынша құқыққорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Ал біз арызды әлеуметтік желі арқылы біліп, тексеруге бардық. Тәрбие, тұрмыстық жағдайы (лагерьдің – авт) қаралды. Шағым айтқан балалардың жасы 10-12-де. Негізі «би кешіне жібермеген соң түсініспеушілік туған» деп айтылып жатыр. Бұл жағдай бойынша ауруханаға барған ешкім жоқ», - деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы Райхан Нұрхожаева.

«Ақбөбек Восток» лагерінің басшысы Айболат Ташкенбаев әзірге нақты ақпарат бере алмады. Тек полицияның тергеуді бастағанын хабарлады. Әрі мұндағы 50 бейнекамераға тәрбиешінің оғаш қылығы түспеген.

«25 шілде күні Ақтөбе полиция басқармасының Жедел басқару ортылығына лагерьдегі жас тәрбиешінің балаларға тиіскені туралы ақпарат келіп түсті. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды», - деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай