Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Ақтөбеде жеке емхана қызметкері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан

2020 жылдың 4 сәуір 2020 19:31

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жеке емхананың 46 жастағы қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіні бақылауға алды. Мониторинг жүргізу кезінде WhatsApp желісі арқылы тараған жалған ақпаратты анықтады. Қала тұрғыны аудио жазбаны сыныптастар тобына жіберген. Сөйтіп «Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны ресми ақпараттан әлдеқайда көп және жеке клиниканың барлық қызметкері карантинге жатқызылды» деген мәлімет таратты.
«Жедел-іздестіру кезінде полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратқан 46 жастағы айелді анықтады. Күдікті өзінің заңсыз іс-әрекетін мойындап, өкініп отыр. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің «Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер« бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот 40 АЕК, яғни, 106 мың теңге айыппұл салды. Ақтөбе облысының полиция департаменті жалған ақпарат тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын мониторинг жүргізіп, жедел жұмыстар жүргізіп жатыр», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай