Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жеке клиникадан өрт шығып, 200 адам сыртқа шығарылды

2021 жылдың 13 мамыр 2021 18:30

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеке клиникадан өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметі барлық техниканы жұмылдырмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 14:12-де Ақтөбе қаласы, Пацаев көшесінде жеке клиникадан өрт шықты. Арада 2 минут өткенде өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті.

«Жертөлені ыс басып, өрт сөндірушілер негізгі ошақты анақтады. Аумағы 10 шаршы метрді құрайды. Мұнда бірден 42 қызметкер мен 7 техника өрт сөндіру жұмысына жұмылдырылды. Абырой болғанда, зардап шеккен адам жоқ. Ал клиника ішін түтін басқан кезде 200 адам сыртқа шықты», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Болжам бойынша от дәнекерлеу жұмысы кезінде тұтанған. Қазір төтенше жағдайлар қызметі негізді себебін анықтап жатыр.

Айтып өтейік, төтенше жағдайлар департаменті алғаш хабарлама түскенде бірден барлық техника мен қызметкерді дайындады. Өрт аумағы шағын болғандықтан тек бірнеше маман жіберілді.








Жоғары қарай