Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жексенбі күні де автобустар жүретін болды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 17:45

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қоғамдық көліктердің жексенбі күні де жүруіне рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева жаңа қаулыға қол қойды. Енді қалада жексенбі күні де қоғамдық көлік ішке ережеге сай жүретін болды. Мейрамханалар жұмысына тыйым салынғанымен, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлерге 7:00-00:00 аралығында және «көшбасшылары» 7:00-02:00 аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілді. Тек адам саны 50-ден аспауы тиіс. Сенбі-жексенбі күндері мұнда тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар кіре алады.

«Мейрамханаларда ұжымдық басқосу, салтанатты шара өткізуге болмайды. Тек карантин шектеуін сақтап, тамақтану ұйымдастыруға рұқсат. Азық-түлік сататын дүкен де ішке ережеге сай қызмет көрсетеді. Спорттық іс-шара да «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарға рұқсат. Сенбі, жексенбі күндері «жасыл» мәртебесі бар адамдарға ғана кіре алады», - деп жазылған қаулыда.


Жоғары қарай