Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жолаушы көз жұмды

2021 жылдың 25 қараша 2021 16:53

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бүгін Самара-Шымкент тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 11:30-да болды. Самара-Шымкент тасжолының 932 шақырымындағы Белқопа кентінің маңында жол апаты болды.

«Honda автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты есептемей, баса озу маневрын жасап, нәтижесінде DAF жүк автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Honda автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды сұраймыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай