Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Ақтөбеде жол жөндеушіні көлік қағып кетті

2019 жылдың 24 шілде 2019 22:40

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Әлия ауылында жол бойында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«23 шілде күні сағат 22:00-де «Lada-Vesта» көлігі Қобда ауданының Әлия ауылынан 6 км қашықтықта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Казавтодор» ЖШС-нің операторын қағып кетті. Көлік қозғалысын тоқтатпастан келесі көлікке келіп соғылды. «Казавтодор» жұмысшысы тізесі сынып, Ақтөбе қаласының жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді»,-деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Екі көліктің де жүргізушілері зардап шеккен жоқ.

Жоғары қарай