Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Ақтөбеде жұмысшылар мен мұнай компаниясының келісімінен соң жалақы өсті

2019 жылдың 16 қазан 2019 20:54

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету» компаниясы кейбір жұмысшының жалақысын 50 пайызға дейін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін «Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету» ЖШС жұмысшылары жалақы көтеру мәселесін қозғап, облыс әкімдігі келісімге келуге шақырды. Бүгін екі тараптың ортақ шешім шығарғаны белгілі болды.

«Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету» кәсіпорнының жұмысшылары еңбекақыларын 50% көтеруді талап еткен болатын. Жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы еңбекақы дауы екі айға созылды. 11 қазанда төрт бұрғылау бригадасы өз жұмыстарын тоқтатты. Бұл жағдай жұмысшылардың, яғни, өңір халқына байланысты болған соң облыс әкімдігі еңбек дауын шешуге көмек көрсетті. Инженерден бастап қарапайым жұмысшының сөзіне дейін тыңдалды. Егжей-тегжей талдау жүргізілді. Кейін жұмысшылардың еңбекақыларын мамандықтарына қарай дифференциалды түрде көтеру туралы шешім қабылданды. Ауыр жұмыспен айналысып, анағұрлым төмен еңбекақы алатын қарапайым жұмысшыларға басымдық берілді. Келіссөздердің нәтижесінде екі тарап та риза болды. Айлықты көтеру туралы бұйрық 16 қазанда шығып, барлық бригадалар жұмыстарына қайта кірісті«, - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ал облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов мұндай даулардың ең алдымен жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында қолданыстағы заңнама аясында кәсіподақ ұйымдарының араласуы арқылы шешілу керектігін атап өтті.

Жоғары қарай