Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ адам мектеп оқушыларын тасымалдаған

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 21:28

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол ережесін бұзып, куәлігінен айырылған жүргізуші мектеп оқушыларын тасымалдаған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.

Патрульдік полиция қызметкерлері «Ақтөбе-Орск» автожолында Украинка ауылынан Ақжар ауылындағы мектепке қатынап оқитын оқушылар автобусын тоқтатты.

Құжат тексеру кезінде мектеп автобусы жүргізушісінің жол-көлік оқиғасын жасағаны және оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін 1 жыл 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

«Полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалдайтын «ПАЗ» қоғамдық көлігінің тағы бір жүргізушісінің заңға бағынбағанын анықтады. Белгілі болғандай, өткен жылы жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. «Автобус» жедел алдын алу шарасы кеше басталды. Екі күнде 240 бұзушылық анықталды. Оның 12-і жылдамдықты арттырса, 40-ы көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланған.

Айта кету керек, белсенді азаматтық ұстаным танытқан тұрғындар 50-ден астам бұзушылық анықтап, полицияға фото-видео материал жіберді.


Жоғары қарай