Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбедегі емдеу мекемелерінде карантин шектеуі күшейді

2021 жылдың 20 тамыз 2021 21:13

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде емдеу мекемелерінің ішінде карантин талаптары күшейді. Бүгін облыстың бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметіне қатысты карантин шектеуін күшейтті. Қаулыға сәйкес вирус жұқтырған адамдарды уақытылы анықтау және оқшаулау үшін барлық денсаулық сақтау нысанында сүзгі, пациенттердің дене қызуын өлшеуге арналған тепловизоры бар шлюздер үздіксіз жұмыс істеуі тиіс.

«Бейінді мамандардың науқастарды қабылдауы кезінде кезек болмауы қажет. Вакцина салдыру, клиникалық-диагностикалық зерттеуден өту үшін (шұғыл жағдайлардан басқа пациенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдау) медициналық ұйымның әрбір қабатына жауапты қызметкер бекітіледі. Қызметкерлер мен пациенттердің лас аймақтан таза аймаққа ауысуына болмайды. Пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіні бойынша бөлектеу керек», - деп жазылған қаулыда.

Айта кетейік, қазіргі кезде облыс бойынша 1 268 адам ауруханада жатыр. Оның 97-сі жансақтау бөлімінде.


Жоғары қарай