Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбедегі өрт: күйік шалған жігіт облыс орталығына жеткізілді

2021 жылдың 28 ақпан 2021 15:29

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде газ баллоны жазылып, екі адам күйік жарақатымен ауруханаға түскен болатын. Оның біреуі облыс орталығына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 24 ақпан күні сағат 23:51-де Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Мұғалжар ауылы, Зауыт көшесіндегі үйде газ баллоны жарылып, артынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Мұғалжар ауылының өрт сөндіру бөлімі, полиция және жедел жәрдем бригадасынан 13 адам және 4 техника оқиға орнына дереу жетті. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлаған. Оқиға кезінде 2010 жылы туған бала қайтыс болды. 1968 жылы туған үй иесі мен 1998 жылғы азамат әртүрлі дәрежедегі күйік алып, жедел түрде аудандық ауруханаға жатқызылды.

Көп ұзамай жас жігітті облыстық жедел жәрдем ауруханасына алып кетті.
«Ұлы облыстық жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлігіне жеткізілді. Ал әкесі әзірге Ембі қаласындағы ауруханада. Ауа райы қалыпқа түссе, санавиациямен әкелеміз. Жағдайы тұрақты ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Айта кетейік, үй иесінің денесі 65-70, ал баласының денесі 20 % күйік шалған.


Жоғары қарай