Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбедегі субұрқақтардың тең жартысы істемей тұр

2019 жылдың 10 шілде 2019 22:34

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі 22 субұрқақтың тек 11-і ғана жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті әкімдік бұл жағдайды жөндеу жұмыстарына конкурстың өтуімен байланастыруда.

«Қалада орналасқан 22 субұрқақтың тек 11-і ғана жұмыс істеп тұр. Жуырда бір субұрқақ қолданысқа беріледі. Қалған он фонтанды жөндеу керек. Сондықтан қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байқау жариялады. Барлық жөндеу жұмыстары біткен соң субұрқақтар іске қосылады», - деді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл субұрқақтарды жөндеуге бюджеттен 20 миллион теңге қарастырылған.

Жоғары қарай