Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Ақтөбелік баласының еміне жинаған 1,5 млн теңгесін ұрлатып алды

2019 жылдың 8 тамыз 2019 16:46

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің теміржол вокзалында көлік ішінен 1,5 миллион теңге ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік теміржол вокзалына билет алуға барып, көлігіндегі 1,5 миллион теңгесін ұрлатып алды. Ол көліктен түсіп, құлыптап, бес қадам жасаған. Сол кезде көлігінің ашылып кеткенін байқап, кері бұрылған. Қайта құлыптап, вокзалға кірді.

«Билет таба алмаған соң біз баламыздың шұғыл емі туралы анықтаманы кассаға көрсеттік. Сол кезде екі айдан бері билет жоқ екені, көмек көрсете алмайтыны туралы айтты. Көп дегенде 10 минутта қайта шығып, ұшаққа билет алуды жоспарладық. Ақша көлік ішінде болған соң жұбайыма алдыңға жақта орналасқан қораптан алуын сұрадым. Ол ашты, ақшаны таппадым. Бірден полицияға хабар бердім», - деді қала тұрғыны Сырым Көбеков.

4 жастан асқан Санжар Сырымұлы тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласына емге баруы тиіс еді. Квота арқылы ем тегін жасалғанымен, оңалту жұмыстары ақылы болмақ. Отбасы баласы үшін көлігін сатып, қаржы жинаған.

«Төрт баланың анасымын, мұғалім болып жұмыс істеймін. Баламыздан аутизм анықталып, емге бармақ едік. Бірақ қаржымызды ұрлап кетті. Полиция іздеу жұмыстарын тым баяу жүргізіп жатыр», - деді Бақшагүл Ермағамбетова.




Айта кетейік, осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалды.

Перевод Алтынай Сағындықова
Басты сөздер: Оқиға, Ақтөбе облысы,
Жоғары қарай