Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбелік көршісінің құжатымен 12 несиені онлайн рәсімдегені үшін сотталды

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 22:10

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қалалық сотында сотталушы Айсұлу Ордақұловаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол танысының құжаттарын иемденіп, онлайн түрде 12 несие рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№2 Ақтөбе қалалық сотында 31 жастағы Айсұлу Ордақұловаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, А.Ордақұлова «коммуналдық қызмет төлемін жасаймын» деген сылтаумен танысының жеке куәлігі мен екінші деңгейлі банк картасын иемденген. Кейін құжаттарды онлайн несие рәсімдеуге пайдаланған. Сөйтіп 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында 12 несие рәсімдеген. Сотталушы Айсұлу Ордақұлова сотта бар кінәсін мойындап, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты.

«Мемлекеттік айыптаушы соттан А.Ордақұловаға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, кінәлінің жеке басын ескере отырып, А.Ордақұлованы 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.


Жоғары қарай