Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақтөбелік полицейлер қар құрсауында қалған 8 шетелдік автобус жолаушысына көмектесті

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 16:34

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бір мезетте жолда 8 жолаушылар автобусы тұрып қалды. Полиция 400-ге жуық жолаушыға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда жүк, жолаушылар көліктері үшін 27 қаңтар күні қозғалыс шектелген болатын. Патрульдік полиция ротасының 40 қызметкері мен 20 көлік жолдағы тәртіпті бақылады. Сонымен қатар қауіпті жол учаскелерінде аудандық бөлімшелердің 71 қызметкері жұмылдырылды.

«Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар күшейтілген режимде қызмет атқарып, қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Самара-Шымкент тасжолында 8 автобус тұрып қалды. Онда 368 шетел азаматы болды. 12-і әйел және 7 бала. Барлық автобусты полиция бақылауға алып, жылыту бекеттеріне жеткізді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, РФ Орынбор қаласынан Ақтөбеге келе жатқан «SЕТRА» маркалы автобус жолаушылары Мәртөк ауылындағы мектепке орналастырылды. Онда 41 жолаушы болды.



Автор Алтынай Сағындықова
Басты сөздер: Жол, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай