Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбелік полицейлер қызметте қаза болған әріптестерінің балаларын құттықтады

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 22:15

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер патронат отбасы мен қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерінің отбасына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің қызметкерлері мен қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларын қолдау қоры Аяз ата мен Ақшақарды ертіп, балаларға мереке сыйлады. Тәуелсіздік жылдары қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына барып, лебіздерін білдірді. Ақтөбе облысы ПД Кадр бөлім бастығы Бауыржан Максимов полиция қызметкерлерінің кәсіби қасиеттерін айтып, оларды еске алды. Ерлігі үшін алғыс білдіре отырып, балаларына әкелерінің осындай батыл әрекеттері үшін мақтануына және олардың жарқын бейнесіне сай оқуда және өмірде жетістікке жетулерін міндеттеді.





Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысында 9 қызметкер қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты.
«Амангүл Ешпанова мен Өмірхан Жетесов өздерінің туған үш баласын және патронаттық тәрбиедегі 19 баланы қолына алған. Сондай-ақ, »Шашу« халықтық отбасылық ансамбліне басшылық жасап, балалармен бірге гастрольге шығады екен. Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндерге тәттілер сыйлап, балаларға денсаулық тіледі.




Айтпа кеткен жөн, Полиция департаменті тұрақты түрде қайырымдылық шараларын өткізіп, көп балалы отбасыларға үнемі қолдау көрсетеді. «Біз әрі қарай да балаларға көмектесуге ниеттіміз», - деп атап өтті кадр бөлімінің бастығы Бауыржан Максимов.
Мерекемен құттықтап келген тәртіп сақшыларына арнап балалар ұлттық аспаптарда ойнап, өз өнерлерін көрсетіп, алғыстарын білдірді. Балалар полиция қызметкерлеріне көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.





Жоғары қарай