Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбеліктер ауруханадағы науқастарға қымыз бен етті тегін жеткізуде

2020 жылдың 11 шілде 2020 19:20

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының Қобда ауданында шаруалар қой сойып, ауруханаға қымыз бен саумал жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қобда ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен шаруа қожалығының басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер аудандық ауруханада емделіп жатқан азаматтардың иммунитеттін жақсарту мақсатында қымыз бен қой етін тегін таратты.
«Бұл игілікті іске «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы Нұрболат Мұқатов, «Ертемір» шаруа қожалығының басшысы Кенжеш Байжуанов, «Еділ» шаруа қожалығының басшысы Әлім Сарманов, «Ұлан» шаруа қожалығының басшысы Азамат Махатов, «Дәрібай» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Құлтаев бір-бір қойдан беріп, аудандық аурухананың асханасына тапсырды. Жерлестеріміз ауруханаға оттегімен демалатын құрылғы тарту етсе, екі күнде шаруа қожалықтары 200 келі қой етін табыс етіп, «Махамбет» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Махамбетов қымыз, саумал берді. Алдағы уақытта да жанашырлық танытып, өз үлесін қосамын деп ықылас танытқан кәсіпкерлердің қайырымды істерін ұйымдастырып, кесте бойынша ауруханаға жеткізу жоспарда бар«, - деп хабарлады Қобда ауданының әкімдігі.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 мыңнан асты. Соңғы тәулікте 87 адамның індетке шалдыққаны белгілі болды.





Жоғары қарай