Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақылы жолдардың апатты учаскелерінде төлем алынбайды

2021 жылдың 24 қараша 2021 16:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақылы жолдардың апатты учаскелерінде төлем алынбайды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Мұратұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІІ және ІІІ санаттағы тарифті анықтау үшін «ҚазжолҒЗИ» АҚ салалық қоғамдық ұйымдармен,«Атамекен» ҰКП-мен келісілген және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары Комитетімен бекітілген әдістеме әзірледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 1479 шақырым болатын 1 техникалық санаттағы учаскелерде ақы алу жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 2021 жылғы 23 қарашадан бастап республикалық маңызы бар бірінші санатты автожолдардың 7 учаскесінде («Нұр–Сұлтан – Павлодар», «Қапшағай – Талдықорған», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», «Щучинск-Көкшетау») жүру үшін ақы алудың ашық жүйесі жұмыс істеп тұр.

«Сонымен қатар, қазіргі уақытта ақылы жүйені енгізу мәселелері талқылануда. Жоғарыда айтылғандай, апаттық учаскелерді кесіп өту және пайдалану үшін ақы алынбайды. Атап айтқанда, тоннель құрылысы жүргізіліп жатқан Тараз-Шымкент учаскелерінде (ұзындығы 39 шақырым, 593-532) және Нұр-Сұлтан-Павлодар учаскесінде (ұзындығы 24 шақырым, 235-259) ақы алу көзделмеген», - деді Асқар Мұратұлы.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қаржы, Қоғам, Көлік, Жол,
Жоғары қарай