Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әл-Фараби-1150 жыл: Таразда халықаралық онлай конференция өтті

2020 жылдың 12 мамыр 2020 07:14

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық білім басқармасының қолдауымен шығыс ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әлем өркениетіндегі Фараби феномені» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Адамзаттың екінші ұстазы, энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани, ғылыми мұрасын насихаттау және оның шығармашылық, ғылыми мұрасына халықтың және жұртшылықтың назарын аудару мақсатына негізделген шара Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде ұйымдастырылды.

Онлайн конференцияға облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков және Шымкент, Алматы, Атырау қалаларының және Ресей, Эфиопия, Өзбекстан елдерінің жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

Ғылыми-практикалық конференция барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми трактаттарының негізгі принциптері талқыланып, оның шығармаларын кеңінен насихаттау барысы сараланды.

Айта кету керек, 2019 жылдың тамыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойған болатын.


Жоғары қарай