Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетекші еуропалық университеттердің қатарына енді

2020 жылдың 27 мамыр 2020 16:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Academic Ranking of World Universities-European Standard» (ARES) беделді еуропалық рейтингінің зерттеулері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «АА+» жоғары бағасына ие болып, жетекші еуропалық университеттердің қатарына енді.

Бұл туралы ҚазАқпарат университеттің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

ARES халықаралық рейтингін 2011 жылдан бастап Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы жүргізеді. Биылғы жылы оған еуропалық стандарттарға қызметі сәйкес келетін ТМД елдерінің 530-дан астам жоғары оқу орны қатысты. ARES нәтижелерін әлемнің жетекші рейтингтік агенттіктері назарға алады. ҚазҰУ рейтингіде қазақстандық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып қалды. ARES-тің «AA+» бағасына, сондай-ақ, Ломоносов атындағы ММУ бастаған Ресейдің 10 жетекші университеті де ие болды.

Рейтинг жоғары оқу орындарын мына көрсеткіштер бойынша саралайды: ғылыми-инновациялық қызмет, оқыту сапасы, цифрландыру деңгейі, түлектердің сұранысқа ие болуы, халықаралық тану, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы. Сонымен қатар, халықаралық рейтингтер мен академиялық қоғамдастықтағы университеттің орны есепке алынады.

Айта кетер жайт, зерттеу университетіне трансформациялануға бағыт алған ҚазҰУ, жаһандық ғылыми білім беру кеңістігіндегі өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықаралық рейтингтерде табысты алға ілгерілеуде. Жетекші қазақстандық жоғары оқу орны әлемнің үздік университеттерінің қатарына енуді көздейді.


Басты сөздер: Білім, ЖОО-лар,
Жоғары қарай