Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алакөл жағалауындағы интернет жұмысын жақсарту қажет – сенатор

2021 жылдың 21 қазан 2021 13:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсенбинов Алматы облысының туризм саласындағы өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министрге жолдаған сауалында сенатор Алакөл көлі жағалауының инженерлік инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Қолданыстағы электр желісіне түсетін ауыртпалық көп болғандықтан кей жерлерде электр қуатының жетіспеушілігі байқалады. Алакөлде мобильді интернетке қол жеткізуде де проблемалар бар.

«Туристік объектілерде ұялы байланыс операторларының станциялары болғанымен, олардың қуаты бүкіл Алакөл жағалауын қамти алмайды. Осы орайда, ұялы байланыс операторлары станцияларының ауқымын арттыру, туризм объектілері үшін жеңілдікті бағалармен жоғары жылдамдықта интернет желілерін жүргізу жолдарын қарастыру керек», - деді өзінің депутаттық сауалында Сұлтан Дүйсембинов.

Сонымен бірге, сенатор Алматы облысындағы тау шаңғысы курорттарын сумен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді де көтерді. Ол қосылатын нысандар мен келешегі зор тау шаңғысы курорттарының қажеттіліктері үшін су ресурстарына гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу қажет екенін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, мұндай жұмыстар соңғы рет 1985 жылы жүргізілген.

Сенатор Қазақстанда туризмді дамытуға қатысты өзекті мәселелер келесі жылдың басында «Қазақстанның ішкі туризмін дамыту – уақыт талабы» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауда қаралатынын атап өтті.


Жоғары қарай