Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алакөлде электр желісін жөндеп жатқан жұмысшы көз жұмды

2020 жылдың 24 қараша 2020 18:50

АЛАКӨЛ. ҚазАқпарат - Алматы облысында электр желісін жөндеп жатқан жұмысшы көз жұмды. Оқиға Алакөл ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алакөл ауданы бойынша «ТАТЭК» АҚ компаниясында жоспарлы Талдықорған-Өскемен тас жолының 110 кв-тық электр желісімен қиылысқан жерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуі барысында төтенше жағдай болды... Жұмыс жүргізу барысында апатты жағдай болып, бір қызметкер көз жұмды», - деп жазды Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев желідегі парақшасында.

Қазіргі уақытта ауданда электр жарығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай