Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алакөлдегі 94 демалыс базасы Ashyq жобасына қосылған

2021 жылдың 29 маусым 2021 22:39

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөлде орналасқан 94 демалыс базасы Ashyq жобасына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, Үржар ауданында 188 демалыс базасы тіркелген. Оның ішінде 163 нысанға эпидемиологиялық қорытынды берілді. Ал 25-інде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бүгінде 121 нысан дайындық актісін алды. «Ashyq» жобасына кірген демалыс базаларының саны – 94. Мамандар COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу және «Ashyq» жобасын аясында қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», - делінген ақпаратта.

Облыстың туристік-рекреациялық аймақтарында орналасқан объектілерге келушілер кіреберісте өз статусын анықтау үшін «Аshyq» мобильді қосымшасының арнайы QR-кодын сканерлеуі тиіс. Ғаламтор желісі болмаған кезде, мобильді қосымша істен шықса немесе өзге де себептер болған жағдайда демалушылар берілген күнінен бастап үш тәуліктен (72 сағаттан) аспаған теріс нәтижесі бар ПТР-сынамасын, COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты немесе Damumed медициналық сервисінен еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұсына алады. «Сары» және «қызыл» мәртебесі бар азаматтарға туристік-рекреациялық аймақтарға баруға тыйым салынған.


Жоғары қарай