Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алакөлге биыл 1 миллионнан астам турист келген

2021 жылдың 6 қыркүйек 2021 19:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Алакөл демалыс орнына биылғы жазда 1 млн-нан астам турист келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үржар ауданында туризм саласына ерекше көңіл бөлінуде. Демалушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр.

Аудан орталығындағы әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары да жалғасуда.

Бұл туралы ШҚО Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов мәлім етті.

«Алакөлде «Мақаншы-Көктал» бағыты арқылы жоғары кернеулі электр желісі тартылды. Сонымен қатар көл жағалауында су құбырын тарту жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттен 986,5 млн теңге бөлінген. Биыл жаз маусымында демалыс орнына 1 млн-нан астам турист келді», - дейді Нұржан Тоқсейітов.

Оның айтуынша, биыл Алакөлде полиция және фельдшерлік пункт салуға облыстық бюджеттен 157,1 млн теңге қаржы жұмылдырылған.

Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Бұдан бөлек, Алакөл жағалауында 60 гектар жерді құрғату жоспарланып отыр.


Жоғары қарай