Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алакөлге пойызбен қалай жетуге болады

2020 жылдың 31 мамыр 2020 15:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алакөлге қалай пойызбен жетуге болатындығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания мәліметіне қарағанда, белгіленген ережеге сәйкес, Қазақстанда жолаушылар пойыздарының жүрісі үш кезеңде басталады:

Бірінші кезең – 1 маусымнан;

Екінші кезең – 10 маусымнан.

Алакөл көліне дейін келесідей бағыттарға теміржол билеттерінің сатылымы ашылды:

2 маусымнан бастап №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» және №22/21 «Қызылорда - Семей» пойыздары құрамында «Алматы - Достық» вагондар жолға шығады. Пойыз күнара жиілікпен қатынайды және басқа вагонға ауысып міну қажеттілігі жоқ.

Сонымен қатар, дәл осы күннен бастап №121/122 «Нұр-Сұлтан - Семей» және №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» пойыздары құрамында «Нұр - Сұлтан-Достық» вагондары тіркеледі. Ал 12 маусымнан №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы аптасына екі рет қатынай бастайды.

Мұнан бөлек, аталған бағытқа сұраныстың жоғары екендігін және эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, Қазақстанда қосымша келесідей пойыздар жолға шығуы мүмкін:

1) №13/14 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет;

2) №258/257 «Нұр-Сұлтан – Достық», аптасына 2 рет;

3) №453/454 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет;

4) №457/6941//6942/458 «Семей - Шар – Достық», күнара;

5) №459/6941//6942/460 «Өскемен - Шар – Достық», күнара.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Алакөл көлі бағытында сұраныс артса қосымша вагондар ұсынуға дайын.


Жоғары қарай