Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Алатау Жарық Компаниясына» айыппұл салынды

2021 жылдың 19 тамыз 2021 19:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на 4,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

Комитетке қарасты Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, «Gorsvetgroup» ЖШС-ның өтініші бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Тексеріс нәтижесі бойынша «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 26-бабы 2-тармағы 8 тармақшасы бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, «Алатау Жарық Компаниясы» үлгілік шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі үшін тұтынушылармен жеке шарттар жасаспаған.

Осыған байланысты, ТМРБД-ның қаулысымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 164-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 4 млн 667 мың 200 теңгеге айыппұл салды.

Айта кетерлігі, департамент қаулысына қатысты Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотына шағым түскен, алайда департамент қаулысы күшінде қалды.


Авторы Думан Арғынгелді


Жоғары қарай