Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алдағы 4-5 жылда сертификаттау зертханасының үштен бірі жаңғыртылады – Бақыт Сұлтанов

2021 жылдың 21 қараша 2021 18:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бейінді емес үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен болған кездесуде сертификаттауды жүргізу үшін сынақ базасының дамуы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.

Министр алдағы 4-5 жылда 900 (882) сынақ зертханасының үштен бірі (10 жылдан астам жабдықтау) жаңғыртылатынын хабарлады. Бұл экономикалық өсу жөніндегі ұлттық жобаның бөлігі.

Жаңғырту барысында аккредиттелген сынақ зертханаларында бар жабдық ауыстырылады, өнімнің жаңа атауларын сынау үшін жабдық сатып алынады немесе зертханалық сынақтарға қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа зертханалар құрылады.

Қазақстанда зертханалық базасы 10 жылдан астам уақыт бұрын өндірілген сынақ жабдықтарынан тұрады. Совет заманынан қалған құрал-жабдықтар да бар.

Министр биыл Нұр-Сұлтанда шағын тұрмыстық аспаптан бастап жүк автомобильдеріне дейін электромагниттік үйлесімділікке сертификат сынағын жүргізуге болатын үлкен Эхо-камера туралы айтып берді.

«Бұл әлемдегі ең жақсы зертханалардың бірі. Мұндай үлкен сынақ зертханалары ТМД-да жоқ», - деді министр.

Кездесуде Б.Сұлтанов кәсіпкерлерді, әсіресе сертификаттау, зертхана субъектілерін әріптестікке, зертханалық базаны жаңғыртуға инвестиция салуға шақырды.

«Нарық бәсекеге қабілетті база олардың қызметтеріне сұранысты кеңейтетінін түсінуі керек» - Б.Сұлтанов.

Бүгінгі таңда Қазақстанда аккредиттелген 882 сынақ зертханасы бар.


Жоғары қарай