Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Алдағы аптада елордада ауа райы қандай болмақ

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 15:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» демалыс күндері мен алдағы аптадағы ауа айының болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 қаңтар: Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағытта секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -17-19, күндіз -10-12 градус.

19 қаңтар: Көшпелі бұл шығады, оқтын-оқтын қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Батыс, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -5-7 градус.

20 қаңтар: Көшпелі бұл шығады, оқтын-оқтын қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз -6-8 градус.

21 қаңтар: Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс бағытта секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -15-20, күндіз -7-12 градус.

22 қаңтар: Көшпелі бұл шығады, оқтын-оқтын қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, кейде секундына 15-20 метрге дейін ұйытқиды. Ауа температурасы түнде -10-15, күндіз -3-8 градус.

23 қаңтар: Көшпелі бұл шығады, оқтын-оқтын қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кейде секундына 25 метрге дейін ұйытқиды. Ауа температурасы түнде -5-10, күндіз -0-5 градус.

24 қаңтар: Көшпелі бұл шығады, оқтын-оқтын қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, кейде секундына 15-20 мтерге дейін ұйытқиды. Ауа температурасы түнде -5-10, күндіз -0-5 градус.


Жоғары қарай