Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 12:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандары 18-20 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстіктен келген суық антициклон жауын-шашынның тоқтауына әсер етеді. Осылайша әуелі батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында ауа температурасы төмендейді.

Демалыс күндерінің басында ғана Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 аяз – 10 жылудан 1-13, күндіз 13-20-дан 15-23 жылуға дейін алмасады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометр -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 жылуға дейін өзгереді.

Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 жылудан 2-10, күндіз 20-28-ден 10-18 жылыға дейін ауысады.

Ал республиканың оңтүстігінде түнде 10-20, күндіз 25-30-дан 17-25-ке дейін жылынады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай