Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алдағы референдум – бұл халық билігінің жарқын көрінісі - сенатор

2022 жылдың 26 мамыр 2022 04:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сенаторлар кездесуге қатысушыларға еліміздің Негізгі Заңына енгізуге ұсынылған түзетулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Депутаттар Конституцияны өзгерту туралы шешімнің еліміздің әрбір азаматы өз таңдауын жасай алатын жалпы республикалық референдумда қабылдануы маңызды екенін ерекше атап өтті.

«Алдағы референдум – бұл халық билігінің жарқын көрінісі, әрбір қазақстандық өзінің азаматтық ұстанымын білдіру арқылы жаңа Қазақстанды құруға қосқан нақты үлесін көрсетеді», - деп атап өтті сенатор Әли Бектаев.




Оқытушылар мен студенттер кездесу барысында жастардың жұмыссыздығы, жатақхананың жетіспеуі, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және оны мемлекеттік органдарда пайдалануға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Депутаттар кездесуден кейін жоғарғы оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және студенттерді оқыту процесімен танысты.


Жоғары қарай