Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

2020 жылдың 27 мамыр 2020 13:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстанда 28-30 мамыр күндері қалыптасатын ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Архангельск ауданынан (Ресей – ред.) антициклон республиканың басым бөлігіне өз ықпалын тигізуде. Сол себепті жауын-шашынсыз ауа райы сақталады және ыстықтың басылуы байқалады. Дегенмен, кейіннен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, найзағай, өткінші жаңбыр және бұршақ күтіледі. Ал еліміз оңтүстігінде Ираннан келетін жылы ауа массаларына байланысты күн райы ыстық және құрғақ болады. Оңтүстікте және батыста кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін», - делінген ақпаратта.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай