Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алдағы үш күнде еліміздің бес өңірінде күн суытады

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бес өңірінде күн суытуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

24 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3 градус суық болады. Петропавлда 24 қыркүйекте түнде топырақтың беткі қабатында 1-3 градус үсік жүреді. Күннің күрт суыту ықтималдығы 90-95%.

25-26 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-3 градус суық болады.

24 қыркүйек күні түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 1-3 градус суық болуы мүмкін. Қостанай қаласында солтүстік-батыс, батыс бағыттан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Күннің суыту ықтималдығы 90-95%.

24 қыркүйекте Ақтөбе облысында батыс, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15 м/с болатын жел соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күннің күрт суыту ықтималдығы 90-95 %.

24 қыркүйекте Ақмола облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. 25-26 қыркүйекте түнде 1-3 градус суық болады. 24 қыркүйекте Көкшетауда найзағай ойнап, батыс, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с болатын жел соғады. 25-26 қыркүйекте түнде топырақтың беткі қабаты 1-3 градусқа дейін суиды.


Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай