Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Александр Белович: Елордада баспана құрылысы әлемдік рекордқа жетті

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 14:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстанда құрылыс саласында таңғажайып өрлеу бар. «Bazis-A» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесуде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда құрылыс саласы кейінгі жылдары, әсіресе биыл керемет өрлеуді бастан кешіріп отыр. Мемлекеттік тапсырыс та, жеке құрылыс жобалары да өте көп. Мен сіздерге айтайын, бұған дейін жылдар бойы 1991 жылғы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішін еңсере алмай келдік. Совет кезеңінен қалған мемлекеттік бағдарлама бар еді. Сол бағдарлама аясында Қазақстан бір жылда 11,5 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берген. Осы межені бірнеше жыл бұрын ғана еңсердік», - деп еске алды бизнесмен жастармен кездесуде.

Сондай-ақ, ол биыл ел астанасы баспана құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін айтты.

«Бес жыл 1991 жылдың межесін еңсерсек, биыл 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Жалпақтап айтсақ, елдегі әр адамға бір шаршы метрден астам баспана келеді деген сөз. Әлемде мұндай көрсеткіш өте аз. Мысалы Ресей Федерациясында жылына бір адамға 0,5-0,6 шаршы метр баспана салынады. Ал бізде бір адамға - 1 шаршы метр. Одан әрі Үкіметтің жоспары мұнымен шектелмейді. Біздің алдымызда жылына пайдалануға берілетін баспананың көлемін бір адамға 1,2-1,3 шаршы метрге дейін ұлғайту міндеті тұр. Нұр-Сұлтанда жылына адам басына 3 шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл, тіпті, әлемдік рекорд болуы да мүмкін. Мысалы, Мәскеуде бір адамға 0,3 шаршы метр баспана салынады. Міне, құрылыс саласының даму қарқыны осындай», - деді Александр Белович.


Жоғары қарай