Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінде әлемнің 9-ракеткасын ұтты

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 00:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик алғашқы айналымда Францияның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Гаэль Монфиспен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші биыл 23-ке толса, талай доданы көрген тісқаққан қарсыласы 34-те еді.

Өз елінде өтіп жатқан «Үлкен дулыға» жарысының 8-ракеткасы болып тіркелген Г.Монфис бірінші партияда 3:0 есебімен алға шықты. Әйтсе де А.Бублик қатарынан бес геймді ала білді – 5:3. Содан кейін сетке доп бергенде, мүмкіндігін пайдалана алды – 6:4.

Екінші сетте корт иесі тағы да алға кетті – 4:2. Бұдан кейін қарсыластар брейкпен алмасты – 5:3. Сосын Бублик таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті өз пайдасына жазды – 7:5.

Үшінші партияда есеп 2:2 болған мезетте Бублик брейк жасағанымен, қарсыласы қайта күшейіп, есепті 6:3-ке жеткізді.

Төртінші сетте франциялық спортшы брейкпен алға кетті – 2:1. Қазақстандық теннисші есепті қайта теңестірді – 2:2. Содан соң тағы бір брейкпен есепті 5:3-ке жеткізді. Ақыры екінші матчболын пайдалана алды – 6:3.

Тартысты бәсеке 2 сағат 35 минутқа созылды.

А.Бублик екінші айналымда әлемнің 46-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасады. Ол 4 сағаттан астам уақытқа созылған бастапқы кездесуінде 6:7 (6:8), 6:3, 6:1, 6:7 (4:7), 6:3 есебімен эквадорлық Эмилио Гоместің меселін қайырды.

Франция ашық чемпионатында сейсенбі күні әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина румыниялық Сорана-Михаэла Кырстямен, ал Зарина Дияс Тунис өкілі Онс Жабермен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің әлемдегі үздік 50 теннисшінің қатарына кіргенін, М.Кукушкиннің Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай