Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Александр Гинцбург: Вакцина алғандарда постковид синдромының әсері минималды болады

2021 жылдың 23 мамыр 2021 13:22

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакциналанған, бірақ COVID -19-бен ауырған азаматтарда постковид синдромының әсері минималды түрде болады. Мұндай мәлімдемені Ресейдің Н. Ф. Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Вакцинация жағдайында аурудың бүкіл процесі жұтқыншақ арқылы жүреді, ал қоздырғыш өкпеге түскенде немесе бүкіл денеге таралған кезде постковидтік синдром пайда болады», - деді Гинцбург.

Гинцбург бұған дейін «Спутник V» вакцинасының екі компонентімен вакциналанғандардың арасында коронавирус инфекциясы жағдайлары сирек кездесетінін хабарлаған. Негізінен, олар екінші вакцинациядан кейін үш апта ішінде, иммунитет әлі толық дамымаған кезде бекітіледі.

Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің ауруханалық терапия кафедрасының меңгерушісі, Ресей респираторлық қоғамының басқарма төрағасы, Ресей Ғылым академиясының академигі Александр Чучалиннің айтуынша, COVID-19-дан кейін көптеген адамда постковидтен кейінгі миокардит, өкпеде, ұйқы безінде, бауырда үлкен өзгерістер және басқа да бірқатар проблемалар анықталған.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейдегі Н.Ф.Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиологияны зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург «Спутник V» вакцинасы ұзақ уақыт бойы осы індетті жұқтыру қаупін жоятындығы туралы айтты.



Басты сөздер: Вакцина, Ресей, Коронавирус,
Жоғары қарай