Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой баспасөз мәслихатын неге ұзақ уақыт өткізбегенін түсіндірді

2020 жылдың 27 қараша 2020 18:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз мәслихатына неліктен ұзақ уақыт бойы шықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шешілуі тиіс өткір де өзекті проблемалар көп болды. Аймақтарға көп бардық. Коронавирус тараған орындарды тексердік. Ауруханаларға барып, әріптестермен кездестік. Әр аймақта қандай жұмыс жүргізілуі керектігін түсіндірдік», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуына қарағанда халықаралық ұйымдардың өкілдерімен де бірнеше кездесу өткен.

«Атқаруға міндетті шаруалар көп болды. Аймақтық форматта да кезек күттірмейтін шаруалар көп еді. Бүгін баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарладық. Алдарыңызға шықтық. Сіздерді мазалаған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беруге дайынбыз», - деп түйді министр.


Жоғары қарай