Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой бұрынғы министр Біртановты қолдаған ашық хатқа пікір білдірді

2020 жылдың 27 қараша 2020 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұрынғы министр Елжан Біртановты қолдаған дәрігерлердің ашық хатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның дәрігерлері бұрыны Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қолдап, ашық хат жазды. Сіз де Елжан Амантайұлын қолдайсыз ба?» деген сұрақ қойылды министрге.

«Біздің әріптестер ең бірінші кезекте ниеттестік, екіншіден істің анық-қанығына жету қағидатына сүйенді. Тілектес, ниеттес екенін әріптестеріміз білдірді. Ары қарайғы істі қарау, оның мән-жайын анықтауды құқық қорғау органдары жүргізеді. Солардың шешімін күтеміз», - деді Алексей Цой.

Еске сала кетсек осы айдың басында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынғаны хабарланған болатын. Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.


Жоғары қарай