Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой экс-министр Біртановқа: Жылдам сауығып, қатарға оралуыңызды тілеймін

2020 жылдың 25 маусым 2020 23:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановқа тез сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Елжан Амантайұлы! Ел үшін күрделі осынау кезеңде Сіз коронавируспен күресте алғы шепте жүрдіңіз. Сіздің өңірлердегі және инфекция ошақтарындағы, тікелей халықпен және мамандармен жұмысыңыз денсаулық сақтау жүйесіндегі позитивті өзгеріске алып келді. Өкінішке қарай, виру ешкімді аяп жатқан жоқ. Жылдам сауығып, қатарға оралуыңызды шын жүректен тілеймін», - деп жазды А.Цой Facebook-тегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін ҚР Президентінің Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалды.

Оның алдында Мәжіліс депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Биылғы 22 маусым күні А.Цой Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалған еді.


Жоғары қарай