Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны неліктен сынап көрмегенін айтты

2020 жылдың 1 қазан 2020 20:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысқан-қатыспағаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратынан қазақстандық вакцинаны ешкім қабылдамаған. Әзірге сынақ нәтижесін күтіп отырмыз. Нәтижесі шыққаннан кейін сіздерге хабардар етеміз, егуді ұсынамыз немесе өзімізге де еілеміз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ол қазақстандық вакцинаны не себепті өзіне сынап көрмегені туралы айтты.

«Тиімділігі мен қауіпсіздігі әлі анықталмағандықтан оны өзіме салдырмадым. Оны қабылдап көруге дайын еріктілер бар. Әріптестеріміздің айтуынша, оны қабылдап көргендердің жағдайлары жақсы», - дейді ол.

Жоғары қарай